«Домбыра – дастан» атты домбыра рarty
Домбыра – қазақтың паспорты мен бренді. Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жарлығымен бекітілді.
Қазақстанда ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күн қазақстандық қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында құрылған.
Биыл Ұлттық домбыра күні 5 шілде күні Жамбыл облысының 85 жылдығы және К.Әзірбаевтың 140 жылдығы аясында атап өтіледі. Осыған дейін Домбыра күнін жамбылдықтар қалай қарсы алғандығы туралы К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы директорының орынбасары Жандос Омаров баяндама жасайды.