Өңірде экономикалық құқық бұзушылықтарды алдын алу
Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2024 жылғы 11 шілдесінде «Өңірде экономикалық құқық бұзушылықтарды алдын алу және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2024 жылғы 1 жартыжылдығының жұмыс нәтижелері туралы» тақырыбымен брифинг өткізілді.
БАҚ өкілдері мен тікелей эфирге қатысушылар Департаменттің 2024 жылғы 1 жартыжылдығының жұмыс нәтижелері, сонымен қатар көленкелі экономикаға қарсы күрес туралы ақпараттандырылды. Брифинг барысында, экономикалық құқық бұзушылықтарды болдыртпау мақсатында, облыс тұрғындары мен кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы ескертіліп, экономикалық құқық бұзушылықтар деректері туралы хабарлауға мүмкішілік беретін ҚР ҚМА-нің "АФМ Insider", «Baiqa piramida» телеграмм-боттар және Жамбыл облысы бойынша ЭТТД-нің 8 (7262) 34-76-26 сенім телефон туралы мәлімет алды.