Жаңалықтар

Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолжетімділігі

«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме (әрі қарай Бөлім) өз құзыреті шеңберінде, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және мемлекеттік пәтерлерді бөлу» мемлекеттік қызмет түрін жүзеге асырады.

Бүгінгі күнде мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне 22 209 азамат тіркеліп тұр. Оның І,ІІ топтағы мүгедектері - 2047 азамат, ал мүгедек бала асыраушылары 1005 отбасы болып табылады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет талабына сай 2023 жылы І,ІІ топ мүгедектерінен 246 өтініш қаралып, оның 165 тұрғын үй алу кезек тізіміне тіркелсе, 2024 жылы І,ІІ топ мүгедектерінен 128 өтініш қаралып, оның 87 мүгедектері тұрғын үй алу кезек тізіміне тіркелді.

Сондай-ақ, 2023 жылы мемлекеттік қордан пайдалануға 68 пәтер беріліп, оның 13 пәтері І,ІІ топ мүгедектеріне, 1 пәтер мүгедек бала асыраушы отбасына, ал 2024 жылы 108 пәтер пайдалануға ұсынылса, оның 7 пәтері І,ІІ топтағы мүгедек азаматтарға, 3 пәтері мүгедек бала асыраушы отбасыларға бөлінді.

Сондай-ақ І, ІІ топ мүгедектері мен мүгедек бала асыраушы отбасылар «Отбасы банк» АҚ арқылы қосымша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде (мысалға «концепция») тұрғын үй алу мүмкіндіктері бар екендігін хабарлаймын.