Жамбыл облысында алғашқы өнеркәсіп объектісі іске қосылды
Қазақмыс корпорациясының жаңа кәсіпорны құрамында 19,28% мыс бар алғашқы дайын өнім - мыс концентратын шығарды.
Қазіргі уақытта фабрикада дайынконцентратты шығарумен технологиялықпроцестерді реттеу бойынша одан әріжұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорынның жобалыққуатына шығу осы жылдың қазан айыныңсоңына дейін жоспарлануда.
Шатыркөл байыту фабрикасы Шатыркөлжәне Жайсан кен орындарынан жылына 1,2 млн тоннаға дейін кен өңдейтін болады.
«Зауытта 350-ге жуық адам жұмыс істейтін болады. Біздің басты мақсатымыз – жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту. Жамбыл облысынан келген жас мамандарға қуана қарсы аламыз», - деді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев.
Фабрика құрамына ұсақтау-сұрыптау кешені, бас ғимарат, АБК, жатақханалар, асхана, өрт сөндіру депосы, зертхана, жөндеу-механикалық шеберхана, қалдық қоймасы, қоймалар және т.б. объектілер кіреді.
Өндірісте мыс кенін байытудың ең зиянсыз технологияларының бірі қолданылады. Шаң тұту тиімділігі 99% коэффициенті құрайтын заманауи аспирация жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Cонымен қатар өнімді тасымалдау көлемін азайту арқылы жолдағы шаң айтарлықтай төмендейді. Ал жақын елді мекендер кәсіпорынның әсер ету аймағынан 20 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан.
Ерекше артықшылығы – фабриканың құрылысы кезінде топырақтың құнарлы қабаттары үйінді ретінде жиналған және жұмыс аяқталғаннан кейін бұзылған учаскелерді қалпына келтіруге пайдаланылады.
«Өндірістің мүмкіндігінше қауіпсіз және экологиялық таза болуына күш салдық. Зауыт құрылысы кезінде технологиялық процестерді басқару соңғы автоматтандырылған жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Заманауи қондырғылар орнатылып, мыс кенін байыту бойынша әлемдегі ең зиянсыз технологиялардың бірі қолданылуда», - Нуриев пресс-тур барысында атап өтті.
Шатыркөл байыту фабрикасында жаңа өрт депосы, медициналық пункт, сондай-ақ заманауи өрт дабылы, өрт сөндіру және бейнебақылау жүйесі қарастырылған.