Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік бағдарламалар мен «Ауыл Аманаты» жобасының орындалу барысы
2024 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдауға 39,1 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Бүгінгі күні бұл қаржының 14,2 млрд. теңгесі облыстағы 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде төленіп, игерілді.
Егін және мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы нәтижесінде жыл басынан бері салада 92,9 млрд. (НКИ – 104%) теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,0%-ға артты.
(егін шаруашылығында – 3,4 млрд. теңге, НКИ – 80,9%, мал шаруашылығында – 89,4 млрд. теңге, НКИ – 105,3%)
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 6,1 млрд. теңге инвестиция тартылса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 2,9 млрд. теңге инвестиция салынды.
644,5 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, 6,6 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары ендірілді.
Өңірдегі жалпы мал саны 4,8 млн. басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,2%-ға артты. Сондай-ақ, 46,4 мың тонна ет (өсім 5,0%), 115,4 мың тонна сүт (өсім 1,1%) және 43,3 млн. дана жұмыртқа (- 9,2%) өндірілді.
Облыстағы «TRZ AGRO» компаниясының қатысуымен қайта өңдеуде әлеуеті жоғары кешенді қайта өңдеу кәсіпорнын құру жоспарлануда. Онда құны 2,2 млрд теңгені құрайтын үздіксіз және ағынды өңдейтін ет өңдеу кешені және өнімділігі жылына 7 мың тоннадан астам дайын өнім шығаратын сою, бөлшектеу, шұжық және консервілеу цехтары іске қосылатын болады.
«Ауыл Аманаты» жобасына келсек, бұл жоба өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетті.
Жобаны іске асыру нәтижесінде ауыл тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген басты 2 мәселе шешімін тапты:
1. Төмен пайызбен несие берілді (2,5%).
2. Ауылдық елді мекендердегі мүліктер (негізінен тұрғын үйлер) кепілдікке қабылданды (екінші деңгейлі банктер қабылдамайды).
2019-2022 жылдары «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылған 24 ауылдық округтерде есепті жылмен салыстырғанда мал басы - 113 241 басқа, ет өндірісі – 2110 тоннаға, сүт өндірісі – 3050 тоннаға ұлғайған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 1254 адамға қысқарған.
2023-2024 жылдары 24 млрд. теңгеге 10 ауданнан 38 округтен 4076 жоба қаржыландырылды.
Жалпы 2019-2023 жылдары «Ауыл аманаты» жобасы аясында 62 ауылдық округтердегі 41,6 млрд. теңгеге 8028 жоба қаржыландырылды.
Бұл қаржыға 228 мың басқа жуық мал, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу, кооперативтерге айналым қаражат беру, өз кәсібін ашу бағыттарына жұмсалды.
Жоба шеңберінде 2019-2023 жылдары жобаға енгізілген әр 62 ауылдық округтерінде бір-бірден ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған. Аталған кооперативтерге жергілікті бюджет есебінен 3,0 млрд. теңгеге 400 данадан аса ауыл шаруашылығы техникалары лизинг жүйесімен берілді (техника беру жалғасуда).
2024 жылы «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 10,5 млрд. теңге қарастырылды. Бұл қаржыға 1200 өтінімді несиелендіру арқылы 1672 жұмыс орынын құру жоспарланған.
Сондай-ақ, облыс әкімдігі тарапынан қосымша кәсіпкерлік бағытында іске асырылатын 11,5 млрд. теңгеге 1476 жобаның тізімі нақтыланды. Нәтижесінде 2,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрылады.
Оның ішінде, ауыл шаруашылығы бағытында 3,2 млрд. теңгеге 420 өтінім (көкөніс қоймасы, жеміс-жидек өндірістік өнімдер, сүт цехын жабдықтау, құрама жем цехы, жылыжай, биогумис, бал өндіріс, экочикен сүт өнімдері), кәсіпкерлік және өнеркәсіп бағытында 6,5 млрд. теңгеге 873 өтінім (тігін цехы және жүн өңдеу цехы, туристік глэмпинг және демалыс қызмет көрсету орындары, ауылшаруашылық дрондар, балабақшаны жабдықтау, құрылыс материалдарын дайындау және т.б.) және 43 ауыл шаруашылығы кооперативтерінің 1,1 млрд. теңгеге жобаларын (су үнемдеу технологиялары, сүт цехын жабдықтау, кондитерлік цех, наубайхана) қаржыландыру жоспарланып отыр.
Бұл жобалар толық іске асырылғанда келесі нәтижелер күтіледі:
- 25 мыңнан астам жаңадан жеке кәсіпкерлер тіркеледі;
- жылына 3,7 млрд.теңге бюджеттік түсімдер күтіледі;
- 7500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады;
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 8 мыңнан астам адамға төмендейді;
- соның салдарынан бюджеттік үнемдеу жылына 1,0 млрд. теңгені құрайды;
- нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар саны 7 мыңнан астам адамға қысқарады;
- 352 мыңнан жоғары мал басы сатылып алынады;
- 231 мың тонна ет және сүт өнімдері өндіріледі;
- үй іргесіндегі егіс көлемі 109 777 аулаға дейін жетіп, 112 мың тонна көкөніс, бақша дақылдары өндірілетін болады;
- 798 мың тонна дәнді дақылдар және мал азығы дайындалады.
Осы кезеңде 25 мыңға жуық жеке кәсіпкерлік ашылады және мультипликативтік әсерінің нәтижесінде тұрғындардың табысын арттыруға, өндірістің, салық көлемін ұлғаюына және басқа да салаларға оң әсерін тигізеді.