Жаңалықтар

Талас аудандық ветеринария бөлімінің 6 айда атқарған жұмыстары

Талас ауданы аумағында 14 ауылдық округта 21 елді мекен орналасқан. Қазіргі таңда, Талас ауданының 2023 жылмен 2024 жылдың салыстырмалы түрдегі мал саны: 2023 жыл 2024 жыл - 31900 бас МІҚ - 36742 бас МІҚ; 363448 бас МҰМ - 452429 бас МҰМ; - 14900 бас Жылқы - 15640 бас Жылқы; - 2300 бас түйе -2682 Түйе;

Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2024 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарына сәйкес орындалуда.

Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 2024 жоспар бойынша  16 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан бері жоспар бойынша (вакцинация) жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.

Сарып (бруцеллез) ауруын анықтау мақсатында, 320050 бастан қан сынамалары алынды атап айтқанда(МІҚ – 26000, МҰМ – 290600, Жылқы – 1200, Ет қоректілер – 500.  Тұйе -1750) ауыл шаруашылық жануарларынан қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер жүргізілді.   

Кәсіпорынның теңгерімінде:

  • 14 дана «НИВА» автокөлігі,
  • 1 дана СангЕнг автокөлігі,
  • 3 дана «УАЗ»,
  • 3 дана Дук автакөлігі

           21 дана автокөлік бар.

 

Ауылдық округтерде жалпы 110(30 жоғары білімді , 80 орта білімді) ветеринариялық маман жұмыс атқарады.

 

Ветеринариялық бекеттермен қамтылуы бойынша:

Қазіргі таңда 14 ауылдық округтің 5-і  ветеринариялық бекеті мал егу, емдеу орынымен  қамтылып, 4-і әкімшілік ғимаратында орналасқан.

Ауданда мал өлекселерін тастайтын КМК-ның теңгерімінде 6 -биотермиялық «Беккери» шұңқыры бар.

         Талас ауданы аумағында 5 елді мекенде 7 сібір жарасы ошақтарының көмінділері орналасқан.

Сібір жарасы көмінділері ветеринариялық талаптарға сәйкес қоршалған,  бетондалған, тақтайшаларда аурудың тіркелген жылы, айы жазылған. Тұрақты дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп отырады.

Кәсіпорын  теңгерімінде 3- мал сою алаңы бар:

1) Қаратау қаласында  орналасқан,

2) Ойық  ауылында  орналасқан.

             3-Бостандықауылдықокругіндеорналасқан                                       Кәсіпорында 2-инсиниратор бар:

                       -2 стационарлық

Қазіргі таңда толығымен жұмыс жасап тұр

Ағымдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар  14 ветеринариялық пункттердің ветеринар мамандарымен өз деңгейінде атқарылуда. Талас уданында эпизоотиялық жағдайы тұрақты.Атқарылған ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпараттар кәсіпорын тарапынан Facebook және Instagram желілеріне салынып отырады.Адамдар мен жануарларға ортақ аса қауіпті аурулардың( бруцеллез, сібір жарасы, туберкуллез, аусыл, паразитарлық аурулар) алдын алу мақсатында аудан тұрғындары мен шару қожалық иелеріне  кәсәпорын қызметкерлері тарапынан жадынамалар таратылып тұрады.