Жаңалықтар

Қоршаған ортаның жай-күйіне барынша әсер ететін ірі кәсіпорындардың қызметі

11.07.2022 жылы орын алған "Қазфосфат" ЖШС "Минералды тыңайтқыштар" Тараз филиалының (бұдан әрі – Серіктестік) күкірт қышқылының цехынан авариялық шығарынды фактісі бойынша Департаментпен жоспардан тыс жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша 5 әкімшілік іс қозғалды және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.

Алайда, бөлігінде 2022 жылғы 26 шілдедегі №42 бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың 5 тармағы ШЖШ нормативтерінің жобасына (экологиялық рұқсат беру рәсімі шеңберінде) түзету енгізу туралы талап бөлігінде, ықтимал авариялық және дүркінді шығарындылары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бөлігінде нұсқамамен келіспеген кәсіпорын бірінші, екінші сатыдағы сотқа және Жоғарғы Сотқа қарсылық білдірді. Сот талқылауы нәтижесінде Департамент берілген нұсқаманың дұрыстығын дәлелдеді және қазіргі уақытта кәсіпорын Департаменттің 18.06.2024 жылғы нұсқамасын орындау үшін "Қазфосфат" ЖШС күкірт қышқылы цехы дүркінді шығарындыларын болдырмау үшін MAPLE маркасын автоматты түрде бұғаттау жүйесі енгізген, шығындар сомасы 795 000 еуроны құрайды.