Жаңалықтар

73 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды

2024 жылдың басынан бері 73,7 мың азамат, оның ішінде 36,1 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада барлығы 451,9 мың қазақстандық тіркелген, оның 91,9 мыңы – 2024 жылы тіркелді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Оқудан өткен 36,1 мың жұмыссыз азаматтың 10,6 мыңға жуығы негізінен Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының және Шымкент қаласының жастары.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 501 курс жариялады, оның 263-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Шілде айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Пішу және тігу», «Кассир», «Построение отдела продаж в отеле», «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении» және «Туризм на пальцах – Вводный курс».

Платформада туризм, HR және хатшылық, SMART SKILLS, қаржы және бухгалтерлік есеп және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz сайтындағы «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы тікелей қол жеткізуге болады.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.

Алынған сертификат Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болатынын естеріңізге саламыз.

Платформада тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұраймыз: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878, 888).