ЖАМБЫЛДА 6 МЛН ҚОРАП ТЕМЕКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Жыл басталғалы Жамбыл облысында құны 5 миллиард теңге көлемінде акциздік өнімдердің заңсыз айналымы деректері бойынша 21 қылмыстық іс тіркелді.
Оның ішінде 6 млн қораптан астам темекі, 1880 литр спирт және 600 бөтелке контрафакттік арақ заңсыз айналымынан тәркіленді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Самат Қойбақов хабарлады.