Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі мәселелері
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің (2023 жылғы 15 маусымдағы №255) Жарлығымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидаларын іске асыру мақсатында мемлекеттік басқаруды жетілдіру және жастар үшін әлеуметтік лифтті жақсартуға бағытталған кезекті жоба іске қосылды.
Аталған жоба республика көлемінде алғаш рет жүзеге асырылып отыр.
Бекітілген ережеге сәйкес,
– Іріктеуді Жамбыл облысының кадр комиссиясы (бұдан әрі-комиссия) жүзеге асырды;
- Іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерін, өңірлік резервке іріктелетін кандидаттардың санын, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы әлеуметтік - экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту басымдықтарын ескере отырып нақты салалық бағыттарды Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша комиссия айқындады.
Өңірлік резервке іріктеуге жоғары білімі және кемінде үш жыл еңбек өтілі бар, отыз бес жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатысты.
ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ
1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
Құжаттарды қабылдау өңірлік резервке іріктеу бойынша (pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформада (бұдан әрі - онлайн-платформа) кандидатты тіркеу арқылы жүргізілді.
Өңірлік резервке қатысу үшін барлығы 478 өтініш келіп түсті.
2) заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу;
Тестілеу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (бұдан әрі – Академия) және оның филиалдарының базасында офлайн-форматта автоматтандырылған режимде өткізілді.
Тестілеу нәтижелерін есептеу автоматты түрде жүзеге асырылды.
Тестілеу екі блоктан құралды.
Бірінші блогы - құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша іріктеуге жіберілген кандидаттар заңнаманы білуге арналған тестілеуден өтті. Одан барлығы 224 үміткер өтті.
Тестілеудің екінші блогы - жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге заңнаманы білуге тестілеуді ең жоғары баллмен тапсырған кандидаттардың 50% - ы өтіп, олардың ішінен 53 кандидат іріктелді.
3) уәкілетті органмен жүргізілетін құзыреттерді бағалау
Кандидаттарды құзыреттерін бағалау кезеңі Астана қаласындағы Академия базасында офлайн форматта өткізілді.
Бұл кезең кандидаттардың мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы белгілі бір құзыреттерді (белсенділік, қызметті басқару, мәселелерді талдау және шешу, көшбасшылық, сенімділік) анықтауға және бағалауға бағытталып, топтық және жеке тапсырмаларды қамтыды, олардың барысында кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылады. Ассессмент орталығының бағалау рәсімдерінің ұзақтығы 6-дан 8 сағатқа дейін созылды. Бұл кезеңнен 39 кандидат іріктеліп алынып, құрылымдық сұхбатқа жіберілді.
4) комиссиядағы құрылымдық сұхбат (19-21 тамыз)
Сұхбат кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентациялау форматында жүргізілді.
Презентацияға әр кандидатқа 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі, осы уақыт аралығында кандидат өзі ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін, мүмкін болу проблемаларын, күтілетін нәтижелерін ашып көрсетті.
5) комиссия отырысында кандидатураларды қарастыру арқылы Өңірлік резервке іріктеу
Ағымдағы жылдың 26 тамызында Жамбыл облысының кадр комиссиясының қорытынды отырысында 25 кандидатты өңірлік резервке қабылдау туралы шешім қабылданды.
Резервке іріктелген жастар өз білімдері мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік алды.
Өңірлік кадр резервінде болу мерзімі екі жылды құрайды,
Сондай-ақ, резервшілер өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың бос мен лауазымдарының біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті органның келісімі бойынша конкурстан тыс негізде тағайындала алады.
ҚР мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша
Мемлекеттік қызметтің кәсібилену деңгейін арттыру – мансаптық және позициялық модельдердің ең жақсы ерекшеліктерін біріктіретін және бәсекелестік тәсіл мен мамандардың бірегей кәсіби тәжірибесі мен әлеуетін ескере отырып, оларды тікелей іздеу арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтің гибридті моделіне көшу арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, ҚР Президенті Қ.-Ж. Қ. Тоқаев ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Қазақстанның мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.
Аталған құжат қолданысқа енгізіле отырып, онда мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту тәртібі тұжырымдалған, нақты айтқанда:
- проактивті, түпкілікті нәтижеге бағдарланған, бюрократиядан арылған мінез-құлық үлгісінде көрініс тапқан мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру;
- HR-процестерді басқару және цифрландыру, олардың құралдарын мемлекеттік қызметшілердің функцияларды тиісінше және адал орындауын, оларды ынталандыруды және ұстап қалуды, сондай-ақ кәсіби тұрғыдан құлдырауға ықпал ететін жағдайлар мен өлшемшарттарды барынша азайтуды қамтамасыз ете алатын шамада ғана пайдалану.
Қазіргі әлемдік жекетші елдердің тәжірибесін талдап және зерделей отырып, мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделі айтарлықтай белсенді дамуда.
Тұжырымдамада мемлекеттік басқарудағы командалық-әкімшілік тәсілдерден бас тартып сервистік модельге көшу, әкімшілік рәсімдерді түбегейлі трансформациялау және цифрландыру бойынша қабылданатын шаралар нақты көрсетілген.
Басқаша айтқанда, тұжырымдама мемлекеттік қызметке кіру процесін жеңілдетуге, бюрократияны қысқартуға және кадрларды іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесін енгізуге бағытталған жаңашылдықтар енгізілді.
Жеке сектордан кандидаттар үшін мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа біліктілік талаптары қабылданды, қызметшілердің қызметін бағалаудың жаңа жүйесі және келісімшарттық қызметшілер институты енгізілді, өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілуде.
Тұжырымдаманы іске асыру - мемлекеттік қызметтің дарынды адамдар үшін тартымды болуына, патриотизмнің жоғары стандарттары мен ұлттың (қоғамның) мүддесіне адал қызмет ететін кадрларды ұстап қалуды және кәсібилендіруді қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс. Ол үшін мемлекеттік қызметтің ағымдағы жүйесін институционалдық қайта қарау талап етіледі. Қолданыстағы әдістерді жетілдірумен қатар, мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз ететін, ресурстар мен процестерді неғұрлым нақты және мақсатты бағыттап басқаруға мүмкіндік беретін жаңа институттарды енгізу қажет, бұл өз кезегінде азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.
Айта кету керек, мұндай құжат, яғни Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы соңғы рет 2011 жылы қабылданды, алайда ол бүгінгі күні өз өзектілігін жойды. Осы тұжырымдама аясында "А" басқарушы корпусы қалыптастырылды, конкурстарға байқаушылар мен сарапшылардың қатысуы бекітілді, мемлекеттік қызметшілерді міндетті бағалау енгізілді және мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылды.
Тұжырымдаманың жаңа нұсқасы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруда туындайтын ауқымды мәселелерді қамти отырып, қазіргі уақытта жүзеге асырылуда.
Тұтастай алғанда, Тұжырымдаманың бағдарламалық құжаттарын іске асырудан кейін, мына нәтижелерге қол жеткізуге болады, мысалы:
1) мемлекеттік қызметшілердің жұмысына халықтың қанағаттанушылығын арттыру;
2) мемлекеттік қызметке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, жеке сектор өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту мүмкіндіктерін кеңейту;
3) мектеп және университет деңгейін қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын құру;
4) деңгейлес мансаптық ілгерілеуді енгізу есебінен мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің жаңа білім мен дағдыларды алуға қызығушылығын арттыру;
5) материалдық емес аспектілерді қоса алғанда, әлеуметтік пакетке және мотивациялық жүйеге қанағаттанушылықты арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу.