Жаңалықтар

2024 жылғы «Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Баршаңызға белгілі, көне шаһар – Тараздың тізгінін ұстағаныма тура екі жыл уақыт болыпты. Жаңадан тағайындалғанда қаланың 2023-2025 жылдарға арналған Даму картасын әзірлеп, өздеріңізге таныстырған болатынмын.

Жалпы, үш жылдық Даму картасында қаланы жан-жақты дамытуға бағытталған, барлық саланы қамтитын жұмыстар қарастырылғанын білесіздер.

Бүгін дәстүрге сай Сіздермен тағы жүздесіп, биыл қолға алған жоба-жоспарларымызды, облыс әкімі Ербол Шырақпайұлының тапсырмасы бойынша атқарылған жұмыстарымызды, түйіні тарқатылған түйткілдерді баяндауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінде облыс орталығы Тараз қаласында 433 мыңнан аса халық тұрады.

 Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заңына сәйкес, қаладағы халық саны 400 мыңнан асқан кезде, аудандар құрылады.

Ағымдағы жылғы 29-шы қаңтарда Үкіметтің қаулысымен қаланың жаңа Бас жоспары бекітілді. Осы Бас жоспарда екі аудан құру қарастырылған.

Бас жоспарға сәйкес, Тараз қаласы маңындағы Жамбыл, Байзақ аудандарынан аумағы 13 мың гектарды құрайтын, 45 701 халқы бар 14 елді мекен қалаға қосылып, халық саны 479 мыңнан асады деп жоспарлануда.

Қазір Тараз қаласының шекарасын өзгерту туралы Жамбыл облысы әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімінің жобасы әзірленуде. ҚР Үкіметінен келісім алынғаннан кейін, Тараз қаласында 2 аудан құру туралы облыс әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен шешімі қабылданады.

Екі аудан құру бүкіл қаланы бақылауды, қызметтерді тиімді ұйымдастыруды және қаланы оңтайлы басқаруды қамтамасыз ететін болады.

Негізі әлеуметтің әлеуеті артуы үшін өндіріс өркендеуі қажет.  Сондай-ақ, экономикалық өсімді тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа өндіріс орындарын ашып, экономиканың нақты секторына инвестиция тартуымыз қажет.

Осы бағытта, ағымдағы жылы құны 6,9 млрд. теңге болатын «Alina Group» ЖШС-ның құрғақ құрылыс қоспалар зауыты іске қосылды. Зауыттың қуаттылығы жылына 350 мың тоннаны құрайды. 35 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бұдан бөлек, жалпы құны 34,7 млрд. теңгені құрайтын
5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, жобалар іске асырылғанда 944 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Анықтама үшін:

1) «Kisc» ЖШС-ң «Металл құю цехын жаңғырту» жобасы. Жобаның құны – 1 млрд 870,0 млн. теңге, бүгінгі күні металл құю қуаттылығы 3,5 мың тоннаға дейін болса, модернизациядан кейін қуаттылығын жылына 24,0 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр, ашылатын жұмыс орындары 150 бірлік. Жоба бойынша  қазіргі  уақытта қытай елінен мамандар келіп іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуде. Іске қосу мерзімі 2024 жылдың І жартыжылдығында  жоспарлануда.

2) «СП-Тараз PET» ЖШС- «Полиэтилентерефталат рециклингу бойынша зауыт салу» жобасы. Жоба құны – 3 млрд. 860,0 млн. теңге (оның 1238,8 млн. теңгесі жеке және 2621,1 млн. теңгесі қарыз есебінен). Жобаның қуаттылығы 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 64 бірлік. Жер телімі – 2,5 га. Орналасқан жері Тараз қаласы, Жібек жолы көшесі, №150 «А». Қазіргі уақытта, су (50м3), газ (80 м3) тарту жұмыстары 90 % құрап отыр. Кәріз жүйесін және электр жарығын (3мВ) тарту жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың 10 % бұрынғы қалған мекемеден, қалған 90 % инфрақұрылым тартылған соң салынады. Инфрақұрылым тарту жұмыстары аяқталғаннан кейін зауыттың құрылыс жұмыстары басталатын болады.

3) «Alima Delux» ЖШС-ның «Тұрмыстық техника зауыты» жобасы (газ плита өндірісі). Жоба құны – 15 млрд. теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 100 мың  дана газ плита шығару, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 500 бірлік. Жобаны іске асыру үшін өндірістік аймақтан 11 га жер телімі берілді. Қаржылық мәселелері шешілгеннен кейін  инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде.

4) «South Holiday» ЖШС - Зербұлақ демалыс орталығы ІІ кезең. Жоба құны 2 млрд. теңге. Жаңа жұмыс орындары 170 бірлік (маусымдық). 2024 жылдың ІІІ тоқсанында іске асыру жоспарлануда.

5) «ОРЦ Тараз» ЖШС көкөніс қоймасы ІІ кезең. Жоба құны 12 млрд. теңге. Ашылатын жаңа жұмыс орындары 60 бірлік. 2024 жылдың ІV тоқсанында    

Тараз қаласының жаңа Бас жоспарына сәйкес, қаланың батыс бөлігінен Шөлдала алқабына барар жолда 1150 гектар  жер өндірістің әлеуетін көтеру үшін индустриалдық аймаққа беріледі.

Қазіргі таңда жалпы құны 47,6 млрд. теңгені құрайтын
3 инвестициялық жобалармен келіссөздер жүргізілуде.

1.«ARTWOOD» ЖШС-ның жиһаз шығару фабрикасының жобасы. Жоба құны 2 млрд теңгені құрайды. Ашылатын жаңа жұмыс орындары 48 бірлік. Жобаны іске асыру үшін келіссөздер жүргізілуде.

2. «Delixi Kazahstan» (КХР) – арнайы техника құрастыру зауытының құрылысы. Жоба құны 18.6 млрд. теңге. Ашылатын жаңа жұмыс орын 60 бірлік. Жобаны іске асыру үшін келіссөздер жүргізілуде.

3. Халықаралық медициналық университет құрылысы – сиымдылығы 12 мыңнан 20 мыңға дейін студенттік орын. Жоба құны 27 млрд. теңге. Ашылатын жаңа жұмыс орындары 200 бірлік. Жобаны іске асыру үшін келіссөздер жүргізілуде.

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да «Тараз» индустриялық аймағы жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда қатысушылар ретінде 74,1 млрд. теңгеге
7 жоба айқындалды.

Анықтама үшін:

1. «НУР ХИМ 2021» ЖШС - Трикотаж және тігін бұйымдарын өндіруге арналған зауыт салу жобасы. Жоба құны 105 млн. теңге. Жаңа жұмыс орындары 20 бірлік. 2025 жылы жобаны іске қосу жоспарлануда.

2. «НУР ХИМ 2021» ЖШС - Минералды тыңайтқыштар зауытын салу жобасы. Жоба құны 160 млн. теңге. Жаңа жұмыс орындары 40 бірлік. 2024 жылы жобаны іске қосу жоспарланған болатын. Алайда инвестордың ұсыны бойынша жобаның іске асырылу мерзімі 2025 жылға ауыстыру бойынша аймақтық консультативтік кеңеске ұсынылды.

3. «Мамешова Айгуль Бекеновна» ЖК - Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіретін зауыт салу жобасы. Жоба құны 186 млн. теңге. Жаңа жұмыс орындары 14 бірлік. 2024 жылы жобаны іске қосу жоспарланған болатын. Алайда инвестордың ұсыны бойынша жобаның іске асырылу мерзімі 2025 жылға ауыстыру бойынша аймақтық консультативтік кеңеске ұсынылды.

4. «Eco Energy Plant» ЖШС - Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) қайта өңдеу зауытын салу жобасы. Жоба құны 18,8 млрд. теңге.  Жаңа жұмыс орындары 130 бірлік. 2025 жылы жобаны іске қосу жоспарлануда.

5. «Эко РБК» ЖШС - қауіпті қалдықтарды басқару кешенін құру жобасы. Жоба құны 120,0 млн. теңге. Жаңа жұмыс орындары 11 бірлік. Жобаны іске асыру 2025 жылға жоспарлануда..

6. ЖК «Нурсеитова Нагима Аманхожакызы» - шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық - гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру бойынша цех салу (қағаз майлықтар, дәретхана қағазы) жобасы. Жаңа жұмыс орындары 20 бірлік.  Жоба құны 136 млн. теңге. 2025 жылы жобаны іске қосу жоспарлануда.

7. «КАЗ ПРО ТЕМИР» ҚЖС - қара металды балқыту, шаршы дайындамаларды шығару және полимерлі жабыны бар жұқа табақты мырышталған болат пен болатты өндіру бойынша металлургиялық зауыт салу жобасы. Жоба құны – 54,6 млрд. теңге. Ашылатын жаңа жұмыс орындары – 350 бірлік. Жобаны іске асыру 2025 жылға жоспарлануда.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласы бойынша барлығы 18,7 млрд. теңгеге 386 жоба қаржыландырылды.

Бүгінгі таңда Тараз қаласында 15 сауда базары жұмыс жасауда. Сауда базарларында (модернизация) жаңарту жұмыстары жол картасына сәйкес жүргізілуде. Модернизация жұмыстары 2026 жылға дейін толық аяқталады.

 

Жұмыспен қамту шаралары

Қалалық өңірлік жұмыспен қамту картасы дайындалып, соған сәйкес 2024 жылы 21 035 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, бүгінгі күнге нақты 12 250 жұмыс орындары ашылды.

2615  субсидияланатын жұмыс орындарына жоспарланса, нақты 3185 адам жолданды;

10017  бос жұмыс орындарына орналасатындар жоспарланса, нақты 6071 адам қамтылды;

805 (тұрақты 575, уақытша 197) тұжырымдамалар мен ұлттық жобалар бойынша жоспарланса, нақты 671 жұмыс орындары ашылды;

7310 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орындары жоспарланса, нақты 2782 (жеке бастамалар) жұмыс орындары ашылды;

Есепті кезеңде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға төмендеп отыр. (2023ж. - 5,7 пайыз).