Жаңалықтар

2024 жылғы шомылу маусымының өтуі туралы

Облыс аумағында халқы тығыз орналасқан немесе оларға тікелей жақын орналасқан, қол жетімді және шомылуға жарамды 117-ден астам су айдыны бар.

2024 жылдың басынан бері 6 адам суға батып кетті, оның ішінде 0 бала (2023 жылы осыған ұқсас кезеңде 7 адам тіркелді, оның ішінде 3 бала).

2024 жылы шомылу кезеңінде 2 жазатайым оқиға тіркелді
(2023 жылы осыған ұқсас кезеңде 5 адам тіркелген, оның ішінде 3 бала).

Бұл ретте 4 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.

Әкім қаулысымен (31.05.2024 ж. №139)  су объектілерінде шомылуға рұқсат берілген 13 орын белгіленген.

Өз кезегінде, аталған 13 учаскеде 7 коммуналдық және 6 жеке жағажай бар. 7 жағажайда су айдынының түбін тексеру және тазалау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 12 құтқарушы-жасақ оқытылды.

Анықтама: жаппай демалуға арналған 13 орын:

Тараз қаласы-2, Жамбыл ауданы-1, Жуалы ауданы-2, Қордай ауданы-2,
Сарысу ауданы-1, Талас ауданы-2, Шу ауданы-3.

Демалыс орындарының иелерімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы әңгімелесулер жүргізілді.

Тараз қаласының (2 мобильді), Талас (2 мобильді),
Сарысу (1 стационарлық) және Шу (1 мобильді) ауданының аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдеу үшін стационарлық және мобильді бекеттер қойылды.