Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 8 айда атқарған жұмыстары
2024 жылдың 8 айында облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан 661 нысан болды. Оның 338-сы мемлекеттік бюджет есебінен (2023 жылдан өтпелі – 156 , жаңа - 182), ал қалған 323-ы жеке қаражат есебінен.
2024 жылы 130 құрылыс нысандарына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 84 нұсқама беріліп, 197 әкімшілік іс қозғалды. Оның 120 тапсырыс беруші, 42 мердігер мекеме, 5 жобалаушы, 18 техникалық және 12 авторлық қадағалаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл соммасы 49 162 672 теңгені құрады.
Аталған тексерулердің нәтижесінде 9 техникалық (1. Ж.Тютебаев - ЖК Тютебаев, 2. А.Теляев - «Дирекция строительства и технического обследования» ЖШС, 3. Е.Усенов - «Аз и Мур Строй» ЖШС, 4. Б.Калиев – «АКГЕМ-СТРОЙ» ЖШС, 5. А.Ахметов «Tekhnadzor Construction Group», 6. Т.Заурбеков «ALILIFE» ЖШС, 7. А.Теляев - «Капитал» ЖШС, 8. А.Имашев - «Абылайхан – А.А.» ЖШС, 9. Е.Косувалов – «Атлантис - ПВ» ЖШС) қадағалаушыға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынумен қатар қолданыстағы сарапшы аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды.
Құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізген 3 мердігер мекеме (1. Шу ауданы, Бөлтірік ауылында су құбыры желілерін және су тарту құрылыстарын салу, мердігер «MBN Building» ЖШС, 2. Тараз қаласында арық жүйелерін күрделі жөндеу, мердігер «ЖАСЫЛ ЕЛ-ТАРАЗ» ЖШС, 3. Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы ШЖҚ МҚК әкімшілік-емдеу корпусын күрделі жөндеу, мердігер «СК Максат LTD» ЖШС) және сапасыз жобалаған 5 жобалаушы мекеме (1. «Тараз-Технопроект» ЖШС - Меркі ауданында «Андас-2» су тоғанының құрылысы; 2. «J-GROUPSTROYPROEKT» ЖШС - Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, №84 мекенжайдағы сауда үйі және автобөлшектер дүкенінің құрылысы; 3. «Жамбылагрогаз проект» ЖШС - Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарағаш ауылының газ құбыры мен газ тарату желілерін салу; 4. «Тараз Лидер Строй» ЖШС - Тараз қаласындағы №54 мектеп ғимаратын күрделі жөндеу; 5.«Пана-2030» ЖШС – Ақтөбе облысы Шұбарқұдық ауылына 600 орындық мектеп салу жобасына теріс қорытынды алған) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 312 бабының 1 тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, «Жаңарту» ЖШС «Байзақ ауданы, Қосақ және Аққия ауылдарының су жүйелерінің құрылысы» нысаны бойынша құрылыс жұмыстарын мердігер ретінде сапасыз орындағаны үшін ӘҚБтК-нің 312 – бабы 2 – бөлігіне бойынша әкімшілік іс қозғалып, Байзақ аудандық сотының 28.08.2024 жылғы №3136-24-00-3/541 шешіміне сәйкес,. суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желілерін, су құбырының, жылу беру мен кәріздің ішкі жүйелерінің құрылғысына 05.02.2020 жылы №20002170 берілген лицензиясынан айырылып, 5 907 200 тг. әкімшілік айыппұл салынды.
Жалпы облыс аумағында барлығы 986 лицензиат тіркелген.
Оның ішінде:
- Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша – 803 (І-санат – 60, ІІ-санат – 296, ІІІ-санат – 447);
- Жобалау жұмыстары бойынша – 133 (І-санат – 23, ІІ-санат – 47, ІІІ-санат – 63);
- Іздестіру қызметі бойынша – 50 (санатқа бөлінбейді).
2024 жылдың 8 айында 23 лицензия берілді. Атап айтқанда:
Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 15 лицензия берілді. Оның ішінде, І санат –5, ІІ-санат –4, ІІІ санат –6.
Жобалау қызметі бойынша 5 лицензия берілді.
Іздестіру жұмыстары бойынша 3 лицензия берілді.
Жалпы облыс бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған 1103 сарапшылар тіркелген.
Оның ішінде:
- техникалық қадағалаушы-849;
- техникалық зерттеп қарау сарапшысы- 47;
- жобалау жұмыстарының сарапшысы-174;
- авторлық қадағалаушы-33.
2024 жылдың 8 айында инжинирингтік қызметтермен айналысатын сарапшыларға 39 аттестат берілді. Оның ішінде, техникалық қадағалаушы - 30, авторлық қадағалаушы – 2, жобалау жұмыстарының сарапшысы-7, техникалық тексеру бойынша – 0.
Жамбыл облысындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу бойынша 15 ұйым тіркелген.
2024 жылы 7 хаттамалық тапсырма берілген.
2024 жылдың бүгінгі күніне дейін 319 өтініш түскен.
2024 жылдың бүгінгі күніне дейін 1200 хат келіп түсті.
Мерзімінде орындалмаған хаттар мен жолданымдар жоқ.
Басқарма басшысымен 2024 жылдың бүгінгі күніне дейін 19 азамат жеке қабылдауда болып, өтініштеріне ауызша түсініктеме берілді.
Нақты айтқанда, республикалық және облыстық телеарналарда 3 бейне сюжет, әлеуметтік желілерде 108, ақпарат ақпараттық агенттікте 1 ақпарат жарияланды.