Жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларациялау

11 қыркүйек күні Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасары Әли Еркін Раушанбекұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Жалпыға бірдеу декларциялау» тақырыбында баспасөз брифингін өткізді.

Брифингте басшы орынбасары жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезең шеңберінде 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыруға байланысты мәселелерге тоқталды.

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «кіру» декларациясын мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары – 40 мыңнан астам адам табыс етті.

Екінші кезеңде, 2023 жылы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары – 133,0 мыңнан астам адам табыс етті.

Үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады. 132,0 мыңнан астам жеке тұлға табыс етеді деп жоспарлануда.

Төртінші кезеңде, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар) ұсынады. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне барлығы 800,0 мыңға жуық адам кіруі тиіс.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың активтері мен міндеттемелері туралы декларация беруінен тұрады. Онда жеке тұлғаның барлық шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүлкі көрсетіледі, шетелдік банктегі 3,5 млн теңгеден жоғары (1 000 АЕК) ақша, шетелдік компаниядағы қатысу үлесі, бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т. б.), үлестік қатысу шарты (тұрғын ғимараттағы үлесі), инвестициялық алтын (құйма алтын), зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері, 34,5 млн. теңге (10 000 АЕК) шегінде қолма-қол ақша, басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары және құны 1000 АЕК асатын басқа да мүлік (қалауы бойынша) көрсетілуі қажет.

Кейін жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) ұсынылады, онда күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, Қазақстанда және шетелде мүлікті сатып алу не иеліктен шығару туралы мәліметтер, сондай-ақ оларды иемденуге жұмсалған шығыстарды жабудың көздері көрсетіледі.

Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqАzamat», Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз нұсқада пошта арқылы немесе өздері барып ұсынуға құқылы.