Аудандағы 2023 және 2024 жылдың тамыз айларындағы салыстырмалы мал саны
- жыл 2024 жыл
- 35 042 бас МІҚ - 30 884 бас МІҚ;
- 262 506 бас МҰМ - 250 287 бас МҰМ;
- 11 223 бас Жылқы - 10 091 бас Жылқы;
- 3 149 бас түйе - 3 241 Түйе;
- 20 бас Шошқа - 50 бас Шошқа.
Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 2024 жоспар бойынша 1 638 820 манипулция, 16 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан бері жоспар бойынша 1 414 170 манипуляция (вакцинация) жүргізілді, жұмыстар жалғасуда.
Сарып (бруцеллез) ауруын анықтау мақсатында 2024 жоспар бойынша диагностика 423 244 манипуляция, 13 аса қауіпті ауруларға қарсы қан алу жұмыстары жүргізіледі. Жыл басынан бері жоспар бойынша 278 100 манипуляция ауыл шаруашылық жануарларынан қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы жануарлары төлдерін бірдейлендіру
2024 жылға бекітілген жоспар бойынша 10 000 бас мүйізді ірі қара, 80 000 бас ұсақ мал, 1 800 бас жылқы, 750 бас түйе, 20 бас шошқа бірдейлендіруден өтуі тиіс.
9 айлық жоспар бойынша 9000 бас мүйізді ірі қара, орындалғаны 8271 бас (92%), 80000 бас ұсақ мал, орындалғаны 79804 (99%), 1800 бас жылқы, орындалғаны 1251 бас (70%), 750 бас түйе, орындалғаны 750 бас (100%), бірдейлендіріліп дерекқорға енгізілген.
Сібір жарасы көмінділері
Сарысу ауданы аумағында соңғы 60 жыл ішінде сібір жарасының 13 ошағы (Түркістан а/о - 5, Жаңаарық а/о - 4, Игілік а/о - 1, Жайылма а/о - 1, Тоғызкент а/о - 1 және Жаңатас қаласы - 1) тіркелген. Олар талапқа сай бетондалып қоршалған, белгі қойыылып, атаулары жазылған. Жылына 1 рет ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.
Ветеринариялық анықтама мәліметі
Аудан бойынша жыл басынан тасымалданған 25399 бас ауылшаруашылығы жануарларына 2395 анықтама берілген. (МІҚ 844 анықтама 3253 бас, МҰМ 990 анықтама 20386 бас, Жылқы 545 анықтама 1668 бас, Түйе 14 анықтама 90 бас)
Биотермиялық шұңқырлар
Ауданда биотермиялық шұңқырлар 3 бар (Жаңаталап, Жаңаарық, Тоғызкент), қазіргі уақытта жұмыс атқарып тұр.
Сонымен қатар, қосымша биылғы жылы 3 беккер шұңқырының құрылысын жүргізу жоспарланып (Жайылма, Досбол, Түркістан), жұмыс жүргізілуде.
Қосымша 4 биотермиялық шұңқыр салу қажеттілігі бар. (Байқадам, Қамқалы, Жаңатас, Игілік)
Мал емдейтін орындар (расколдар)
Аудан бойынша 1 қала және 8 ауылдық округте (Жаңатас, Байқадам, Игілік, Жайылма, Жаңаарық, Жаңаталап, Түркістан, Тоғызкент, Досбол) арнайы соғылған мал емдейтін орындар (раскол) бар. Бүгінгі күнге 5 елді мекенде (раскол) құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта 25 елді мекенді толық қамту жоспары бар.
БАҚ және әлеуметтік желілер бойынша жүргізілген ағарту жұмыстары туралы
1) Instagram әлеуметтік парақшасында жарияланымдар саны - 70
2) Facebook әлеуметтік парақшасында жарияланымдар саны - 115
3) Сарысу газетінде «Ит пен мысық ұстаудың өз қағидалары бар» тақырыбында 1 мақала жарияланды. (№15 24 ақпан 2024 жылы)
4) Сарысу ауданы аумағында жиі кездесетін тегін жүргізілетін іс-шаралар тізіміне енгізілмеген, ақылы қызмет арқылы жүргізілетін ауылшаруашылығы жануарлары ауруларының тізбесі (№35 11 мамыр 2024 жылы
5) Сарысу ауданы аумағында 2024 жылы жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша атқарылатын жоспарлы ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдік кестесі (№40 29 мамыр 2024 жылы)
6) Сарысу газетінде «Абайлаңыз Конго Қырым геморрагиялық қызбасы» тақырыбында 1 мақала жарияланды. (№15 24 ақпан 2024 жылы)
7) Сарысу газетінде «Туберкуллез туралы не білу керек» тақырыбында 1 мақала жарияланды. (№45 15 маусым 2024 жылы)