Көтергіш құрылғыларымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау мәселері
- author Zhambylokq
- 21 қыркүйек, 2024
- 139

Брифингте Департмент басшысы ҚР Үкіметінің 2022 жылдың 9 желтоқсанындағы № 23-14/6034 тапсырмасымен бекітілген «Елдің құрылыс объектілерінде өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жүк көтергіш механизмдерінің (мұнара крандары) операторларымен байланысты өлім жағдайларын азайту жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған жол картасының» басты мақсаты құрылыс алаңдарындағы авариялар және жазатайым оқиғалар санын төмендету бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы туралы мәселелі сұрақтарға тоқталды.
Республика бойынша 2022 жылы – құрылыс алаңдарындағы 9 авария мен авариялардың көп болу салдарынан осы Жол картасы жүзеге асырылып келеді және кейінгі жылдардағы оқиғалардың азаюына септігін тигізіп отыр:
Мысалға 2023 жылы- 4 авария ал, 2024 жылдың өткен кезеңінде -1 авария тіркелді.
Орын алған авариялардың негізгі себептері:
1. Инженерлік-техникалық қызметкерлер тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік жай- күйін нашар бақылау, басшылық тарапынан жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етпеуі;
2. Мұнара крандарды орнату кезінде монтаждау технологиясы өрескел бұзылып өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталмауы;
3. Қауіпті техникалық құрылғылардың моральдық және физикалық тозуы, яғни крандардың пайдалану мерзімі өтіп кетуі;
4. Жүк көтергіш механизм персоналының теориялық және практикалық білімдерінің төмендігі;
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Жамбыл облысының аумағында көтергіш механизмдерімен байланысқан авариялар мен оқыс оқиғалар орын алған жоқ.
«ЖЭЖ» ЖШС электр желілерін жаңғырту және қайта құру.
Ұқсас жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ «JIBEK JOLY» АЭА АРҚЫЛЫ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ҚАДАМ БАСУДА
- авторZhambylokq
- 13 тамыз, 2025