Жаңалықтар

Көтергіш құрылғыларымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау мәселері

2024 жылдың 16 қыркүйегінде ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Талғат Тоқсанәділұлы Байзаков Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Құрылыс алаңдарындағы жүк көтергіш крандармен болатын авриялардың алдын алу» тақырыбында баспасөз брифингін өткізді.

Брифингте Департмент басшысы ҚР Үкіметінің 2022 жылдың 9 желтоқсанындағы № 23-14/6034 тапсырмасымен бекітілген «Елдің құрылыс объектілерінде өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жүк көтергіш механизмдерінің (мұнара крандары) операторларымен байланысты өлім жағдайларын азайту жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған жол картасының» басты мақсаты құрылыс алаңдарындағы авариялар және жазатайым оқиғалар санын төмендету бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы туралы мәселелі сұрақтарға тоқталды.

Республика бойынша 2022 жылы – құрылыс алаңдарындағы 9 авария мен авариялардың  көп болу салдарынан  осы Жол картасы жүзеге асырылып келеді және кейінгі жылдардағы оқиғалардың азаюына септігін тигізіп отыр:

Мысалға 2023  жылы- 4 авария ал, 2024 жылдың өткен кезеңінде -1  авария тіркелді.

Орын алған авариялардың негізгі себептері:

1. Инженерлік-техникалық қызметкерлер тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік жай- күйін нашар бақылау, басшылық тарапынан жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етпеуі;

2. Мұнара крандарды орнату кезінде монтаждау технологиясы өрескел бұзылып өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталмауы;

3. Қауіпті техникалық құрылғылардың моральдық және физикалық тозуы, яғни крандардың пайдалану мерзімі өтіп кетуі;

4. Жүк көтергіш механизм персоналының теориялық және практикалық білімдерінің төмендігі;

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Жамбыл облысының аумағында көтергіш механизмдерімен  байланысқан авариялар мен оқыс оқиғалар орын алған жоқ.