«ЖЭЖ» ЖШС электр желілерін жаңғырту және қайта құру.
2024 жылғы 19 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС инвестициялық бағдарламасының жобасын іске асыру бағытында атқарып отырған жұмыстары бойынша баспасөз турын өткізуде.
Аталған іс-шараға Департамент басшысының орынбасары Қалдыбай Әбдімүтәліпұлы Мүслім, депутаттар, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және коммуналдық тұрғын – үй шаруашылық басқармасының, «Amanat» партиясының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ-ның және «ЖЭЖ» ЖШС өкілдері қатысуда.
Заңды тұлға ретінде «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС 1999 жылдың ақпан айында құрылды.
Серіктестіктің өз Жарғысы бар және өз алдына дербес теңгерімге ие.
Меншік нысаны – жеке тұлға меншігінде.
Бүгінгі таңда «ЖЭЖ» ЖШС – қызметкерлер саны 1687 адам және қызмет көрсету ауданы 146,445 мың шаршы км болатын ірі ұйым болып табылады.
Орташа айлық жалақы 250 382 теңге.
«Жамбыл электр жүйесі» ЖШС жүзеге асыратын негізгі қызмет түрлері:
- электр энергиясын беру және тарату;
- электр желілері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды пайдалану
Бұдан өзге, «ЖЭЖ» ЖШС – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы «өзге» қызмет түрімен айналысу лицензиясына ие (I санатты мемлекеттік лицензия).
«ЖЭЖ» ЖШС құрамына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді:
Тараз қалалық электр жүйесі (ТҚЭЖ) және 11 аудандық электр жүйесі (АЭЖ), атап айтқанда:
Байзақ АЭЖ, Жамбыл АЭЖ, Талас АЭЖ (оның ішінде Қаратау қ.), Сарысу АЭЖ (оның ішінде Жаңатас қ.), Шу АЭЖ, (оның ішінде Шу қ.), Қордай АЭЖ, Красногор АЭЖ, Меркі АЭЖ, Тұрар Рысқұлов АЭЖ, Жуалы АЭЖ, Мойынқұм АЭЖ.
Барлық құрылымдық бөлімшелердің жөндеу-өндірістік базалары бар, көлік бокстары, шеберханалармен және басқа да өндірістік ғимараттармен жабдықталған. Машиналармен және арнайы механизмдермен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, кәсіпорын құрамында орталық өндірістік 8 қызметтік бөлім бар:
- Орталық диспетчерлік қызмет (ОДҚ) – жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асырады;
- Электр желілері орталық қызметі (ЭЖОҚ) – ӘЖ-35-110кВ пайдаланумен айналысады;
- Электр техникалық жабдықтар орталық қызметі (ЭТЖОҚ).
- (ЭТЖОҚ ҚСҚ) 35-110-220кВ қосалқы станцияларды пайдаланады;
- (ЭТЖОҚ РҚАӨҚ) - реле қорғанысы және автоматика құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
- Оқшаулау, асқын кернеуден қорғау және сынау орталық қызметі (ОАКҚСҚ) - кернеуі 1000В дейінгі және одан жоғары электр жабдықтары мен электр қондырғыларын сынау мен өлшеуді орындайды.
- Электр энергиясын бақылау және тарату орталық қызмет (ЭБТОҚ) – «ЖЭЖ» ЖШС желілерімен электр энергиясын беруді коммерциялық есепке алуды бақылау мақсатында құрылды.
- Телекоммуникация құралдарының орталық қызметі (ТҚОҚ) – құрылымдық бөлімшелерді жоғары жиілікті байланыс және ішкі байланыспен қамтамасыз етеді;
- Жабдықтарды жөндеу цехі (ЖЖЦ) – жабдықтарды жөндеу жұмыстарын жүргізеді және трансформатор майын регенерациялау мен кептіруді жүзеге асырады;
- Механизация және автокөлік орталық қызметі (МжАКОҚ) – автокөлік пен арнайы механизмдерді пайдалану және жөндеумен айналысады;
Қазақстанның электр энергетикасы секторындағы көптеген проблемалардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – энергия өндіруші және энергия беруші ұйым жабдықтарының тозуы. Бұл мәселе Жамбыл облысы аумағындағы желілерді де айналып өткен жоқ.
01.01.2024 ж. жағдай бойынша «ЖЭЖ» ЖШС теңгерімінде:
1. Кернеуі 220-110-35-6-10-0,4 кВ электр беру желілері – 13 894,09 км. |
2. 220-110-35-10/04кВ трансформаторлық қосалқы станциялар – барлығы - 2756 дана, жалпы қуаты 1897,1 мВА. |
"Жамбыл электр желілері" ЖШС-нің 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2021 жылғы 2 маусымдағы №49-Ө және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 2 маусымдағы №46-НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген жалпы сомасы 5 740 474 мың теңге, оның ішінде 2024 жылға 2 495 486 мың теңге.
"ЖЭЖ" ЖШС-нің 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы өткен жылдағыдай келесі іс-шараларға бағытталған, атап айтқанда:
1. Кернеуі 35-110кВ ҚС үшін жабдықтар сатып алу.
2. Кернеуі 6-10кВ ҚС үшін жабдық сатып алу.
3. Өлшеу құралдарын сатып алу.
4. АСКУЭ және байланыс жабдықтарын сатып алу.
5. Автокөліктер паркін жаңарту және арнайы. техника;
6. Компьютерлік техниканы сатып алу.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі тозғаны айтылады, Ол 57.% құрайды. Желілер мен қуаттардың тозу көрсеткіштерін кем дегенде 15% - ға қысқарту қажет.
Осыған байланысты ҚР ҰЭМ Табиғи монополиялар департаменті Қағидалардың 361-тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектісі 2023 жылғы 22 мамырға дейінгі мерзімде инвестициялық бағдарламаның сомасын түзетумен шығуы үшін шешім қабылдады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2024 жылғы 27 ақпан шілдедегі №22-Ө және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 27 ақпандағы №27-НҚ Бірлескен бұйрығымен жалпы сомасы 2 495 486 мың теңгеге түзетілді.
Осыған байланысты, 2024 жылға арналған "ЖЭЖ" ЖШС инвестициялық бағдарламаны түзетуге Жамбыл облысының аудандары бойынша 6-10/0,4 кВ электр беру желілерін реконструкциялауды қамтиды.
Бүгінгі таңда инвестициялық бағдарлама бойынша келесі іс-шаралар орындалуда:
1. Арнайы техникаларды сатып алу. Экскаватор –погрузчик – 7 дана. Жалпы сомасы 427 000 мың тенге ҚҚС –сыз,
2. Электр қондырғыларын сатып алу. Сомасы 28 970 мың тенге ҚҚС-сыз.
3.Тұрмыстық деңгейде АСКУЭ-ны енгізу. Сомасы – 237 095 мың теңге ҚҚс-сыз.
Сондай-ақ, алдыңғы инвестициялық бағдарламадағыдай, «ЖЭЖ» ЖШС Тараз қаласы мен облыс аудандары бойынша ӘЖ-0,4 кВ электр беру желілерін қайта жаңартуды жалғастыруда.
Мекеменің маңызды міндеттердің бірі халықты электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету. 2024 жылдың басында -0,4 кВ әуе желілерінде жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Тараз қаласымен аудандарда ағаш тіректерді жаңа темір бетонды тіректерге және жалаңаш сымдарды оқшауланған сымдарға ауыстыру қажет етілуде, өйткені олар 60-70 жылдары соғылған және тозығы жеткен.
Бүгінгі таңда инвестициялық бағдарлама аясында «ЖЭЖ» ЖШС мердігер ұйымды тарта отырып, Тараз қаласының (қала маңындағы учаске) жалпы ұзындығы 21,18 км болатын 0,4 кВ ӘЖ желілерін ҚҚС-сыз жалпы сомасы 194 938 мың теңгеге қайта жаңартуды жүргізуде. Атап айтсақ:
Ұзындығы 2,85 км 0,4 кВ ӘЖ №493 КҚс;
Ұзындығы 1,35 км 0,4 кВ ӘЖ №97 КҚс;
Ұзындығы 4,85 км 0,4 кВ ӘЖ №771 КҚс;
Ұзындығы 2,71 км 0,4 кВ ӘЖ №283 КҚс;
Ұзындығы 2 км 0,4 кВ ӘЖ №375 КҚс;
Ұзындығы 2,15 км 0,4 кВ ӘЖ №74 КҚс;
Ұзындығы 5,27 км 0,4 кВ ӘЖ №71 КҚс;
1.Шу ауданы:
-Алға-1 және Төле би ауылдарындағы КТП-дан 0,4 кВ-19,22, 69, жалпы ұзындығы – 7,82 км. жұмыстар 100% орындалды.
Бүгінгі таңда алға-1 КТП 21 2ф және КТП-27 ауылдарында жұмыстар жүргізілуде. Жалпы ұзындығы-3,564 км.
2.Қордай ауданы, Отар а / о:
-Көктөбе ауылындағы КТП-59, 60-тан 0,4 кВ ӘЖ, жалпы ұзындығы – 4,831 км. жұмыстар 100% орындалды.
3.Меркі ауданы:
-Талдыбұлақ ауылындағы КТП-43, 158, 271 – ден ӘЖ-0,4 кВ, жалпы ұзындығы-7,034 км.жұмыстар 100% орындалды. Бүгінгі таңда Қазақдихан және Мыңқазан ауылдарында КТП-27, 71, 70, 224 жұмыстар жүргізілуде. Жалпы ұзындығы-10,57 км.
4.Қордай ауданы:
- ӘЖ-КТП-дан 0,4 кВ-82, 84, 141, 109, 110, 262, 366, Қарасу, Қызылсай, Қордай және Күнбатыс ауылдарында жалпы ұзындығы – 8,94 км. жұмыстар 100% орындалды. Бүгінгі таңда Жаңатұрмыс ауылында 321, 322 792 КТП жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы-6 км.
5.Мойынқұм ауданы:
- Мойынқұм ауылындағы КТП-144-тен ӘЖ-0,4 кВ, жалпы ұзындығы – 1,653 км. жұмыстар 100% орындалды.
6.Талас ауданы:
-ӘЖ-0,4 кВ КТП-220, 221 Майтөбе ауылында, жалпы ұзындығы-5,43 км. жұмыстар 100% орындалды.
7.Байзақ ауданы:
Бүгінгі таңда Байзақ ауылында КТП 28, 29, 30 жұмыстар жүргізілуде. Жалпы ұзындығы-8,91 км.
8.Сарысу ауданы:
Бүгінгі таңда Ақтоғай ауылында 86, 89, 90 КТП жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы-7,14 км.
9.Жуалы ауданы: Бүгінгі таңда Қаратас және т. Дүйсебайұлы ауылдарында жұмыстар жүргізілуде, КТП 86, 390, 46. Жалпы ұзындығы-6,03 км.
10.Жамбыл ауданы: Бүгінгі таңда Бесжылдық ауылында жұмыс жүргізілуде, КТП 159, 200. Жалпы ұзындығы-5,27 км.
11.Т. Рысқұлов ауданы: Бүгінгі таңда Құлан ауылында жұмыстар жүргізілуде, КТП 37, 4. Жалпы ұзындығы-4,24 км.
Жалпы, инвестициялық бағдарламаны іске асыру электр энергиясын тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, бұл тұтынушыларды сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге әкеледі.