АПВ (адам папиллома вирусы) алдын алу және вакцинацияның маңыздылығы
Адам папиллома вирусы (АПВ) – бұл вирустың 200-ден астам түрінен тұратын топ (ЖМО және АПВ туралы алдыңғы бетке сілтеме жасау). Олардың кейбіреулері жоғары онкогендік қауіп түрлеріне жатады және әртүрлі органдардың қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін.
АПВ жұқтырған адамнан жұқпаланған терімен, шырышты қабаттармен немесе дене сұйықтықтарымен тікелей байланыс арқылы беріледі.
Статистикаға сәйкес, 10 адамның 8-і өмір бойы АПВ жұқтырылады. Көп жағдайда инфекция асимптоматикалық болып табылады және 12-24 ай ішінде өздігінен өтеді.
АПВ тудыратын ең көп таралған ауру – жатыр мойны обыры. Қазақстанда жатыр мойны обыры 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдердің онкологиялық патологиялары арасында 2 орында. Елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Бұл аурудан жылына 600-ден астам қазақстандық әйел қайтыс болады.
АПВ-ға қарсы вакцина қазақстандық егу күнтізбесінде әртүрлі органдардың қатерлі ісіктерінен қорғайтын екінші болып табылады. Біріншісі – вирустық В гепатитіне (ВВГ) қарсы.
Қазақстанда қолданылатын АПВ вакцинасы вирустың 4 түрінен қорғайды – 6, 11, 16,18.
Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, АПВ-ға қарсы вакцина ата-анасынан немесе қамқоршыларынан рұқсат алынғаннан кейін 11 жастағы қыздарға енгізіледі.
Вакцинацияның толық курсы – алты айлық аралықпен екі доза.
Жоспарлы вакцинацияны 11 жасында өткізіп алғандарға, қыздардың 12-13 жасында вакцина алуға мүмкіндіктері болады.
2024 жылдың 01 қазанынан бастап облыста 11 жастағы қыздар арасында адам папиллома вирусына қарсы егу жұмыстары басталды.