Жаңалықтар

Саяси науқанда мүмкіндігі шектеулі жандар қолөнер көрмесін ұйымдастырды

Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан №35 референдум учаскесінің дауыс берушілерінің де белсенділігі жоғары. Маңызды саяси науқан барысында тұрғындар назарына жәрмеңке мен қолөнершілер көрмесі ұсынылып, концерттік бағдарламалар да ұйымдастырылған, деп хабарлайды okq.zhambyl

№35 референдум учаскесінде де қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген көрмеде тақия, сөмке, ойыншықтар секілді түрлі тоқыма бұйымдары көздің жауын алады. Қолөнер шебері. Дилафруз Махмадулаева айтуынша маңызды науқанда белсенділік таныту ар азаматтың парызы.

Өздеріңіз білесіздер, таяуда ғана Тараз дүниежүзілік қолөнершілер қаласы мәртебесіне лайық екенін тағы бір дәлелдеді. Бүгін міне референдум кезінде ісмерлеріміз шет қалмай, барынша атсалысуда. Осы №35 референдум учаскесінде тіркелгендіктен алғашқылардың бірі болып дауыс беріп, азаматтық таңдауымды жасадым, - дейді қолөнерші.