2024-2025 жылдардардағы жылыту маусымына дайындық барысы.
Облыс бойынша отын-энергетика кешендерінің 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық іс-шаралар жоспары мерзімінде аяқталып, жылу беруге толық дайындалды.
Жалпы, жылыту маусымына дайындық және оны өткізу бойынша облыстық штаб құрылған.
Дайындыққа қатысты 8 штаб отырысы өткізілді, жылыту маусымы кезеңінде 6 штаб отырысын өткізу жоспарланған.
Отын-энергетика кешендерімен жылдық 1,250 млрд. текше метр тауарлық газ көлеміне маусымдық шарттар жасалды.
Кәсіпорындардың резервтік көмір қоры - 1 240 тонна.
(Шу-Жылу-610 тн, Жамбыл-жылу - 600 тн, Таразтрансэнерго-10,0 тн, София-20,0 тн)
Нормативтік резервтік мазут қоры – 15 000 тонна.
(«ЖГРЭС» АҚ - 12 744 тонна, «ТЭО» АҚ - 1 865 тонна, «Игілік» МКК - 485 тонна, «Жамбыл-Жылу» МКК - 345 тонна).
Бұдан бөлек, ҚР Энергетика министрлігінің тарапынан облысқа 23,4 мың тонна әлеуметтік мазут бөлінді.
Облыста 9 негізгі жылу энергетика кешендері және 593 автономды қазандықтар бар, олармен 1 737 әлеуметтік нысандар мен 1 646 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етіледі.
Қолданыстағы нормаларға сәйкес (ҚР ҚН 2.04.-03-2011 «Ғимараттардың жылу қорғанысы»), сыртқы ауа температурасы 5 күн бойы +8°C-қа тең немесе төмен болған жағдайда жылыту маусымы басталуы керек.
Бірінші кезеңде денсаулық сақтау және білім нысандары жылу жүйелеріне қосылатын болады.
Облыстағы әр аудан өздерінің жергілікті сыртқы ауа температурасын негізге ала отырып, ағымдағы жылдың 10 - 15 қазан аралығында жылыту маусымын бастайтын болады.
Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм аудандарында көмір сатумен айналысатын, теміржол тұйықтар бар нарық субъектілері жоқ. Бұл өңірлердің тұрғындары Тараз және Шу қалаларынан көмір сатып алады.