Мемлекеттік секторда жобалық басқару қағидаларын қолдану
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысындағы мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде және 2022 жылғы 1 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің тапсырмалары шеңберінде мемлекеттік қызметте жобалық басқару қағидаларын қолану жұмыстары тапсырылды.
Жобалық басқару қағидалары заманауи тәсілдерін қолдана отырып, мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін, сапасын, ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде Мемлекет басшысының сайлау алды бағдарламасы, 2024 жылға арналған Үкімет жұмысының жол картасы, «Жайлы мекеп» Ұлттық жобасы, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы, «Қолжетімді интернет», тағы да басқа бағдарламалар, тұжырымдамалар аясында Жамбыл облысының әкімдігі орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп 120-дан астам жобаларды бірыңғай республикалық жобалық басқару жүйесінде атқаруда.
Біздің жобалық офис өңірлер арасында жобалық тәсілдерді енгізу бойынша алдыңғы қатарында келед. 2023 жылы Астана қаласында өткен «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» республикалық ұлттық конкурс байқауында «Үздік жобалық кеңсесі» номинациясы бойынша алтын жүлде игері аттанды (1-орын).