Жұмыс күші тапшы 6 облысқа 123 отбасы қоныс аударды
Жамбыл облысынан ағымдағы жылдың 1 қазанына жұмыс күші тапшы өңірлерге 123 отбасы, 376 адам қоныс аударды, оның ішінде:
Павлодар облысына- 54 отбасы, 175 адам, СҚО- 45 отбасы, 126 адам, ШҚО- 11 отбасы, 34 адам, Абай облысы- 5 отбасы, 13 адам, Қостанай облысы- 5 отбасы, 21 адам, Ұлытау облысы- 3 отбасы, 7 адам.
Қоныс аударушы отбасылары толығымен қабылдаушы өңірлік квотасына енгізіліп, барлық мүшелеріне субсидиялар төленді және олар жалдамалы тұрғын үймен қамтылған.