МЕРКІДЕ ЕКІ АУЫЛ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ
Қазіргі таңда «BSCOM» компаниясы жеке инвестициясының аркасында, Меркі ауданы, Меркі және Жеміс-жидек ауылдарында талшықты оптикалық байланыс желісі арқылы GPON технологиясымен жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіп жатыр.
100-ге жуық үйге 200мбит/с жылдамдықпен интернет қосылды. Жылдың соңына дейін жоспар бойынша 500 үйге интернет желісін қосу жоспарланған. 2025 жылы Сарымолдаев және Жамбыл ауылдарын қамтамасыз ету жоспарланған.