«KARATAU CHEMICALS» ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қаратауда «Karatau Chemicals» зауыты іске қосылды.
«KARATAU CHEMICALS» ЖШС-нің құны 2,88 млрд. теңгені құрайтын пиросульфат натрий өндіру жобасы (жылына 25 мың тонна өндіру, жер телімі – 20,0 га, жұмыспен қамтылатындар – 31 адам, іске асыру мерзімі – 2024 жылдың тамыз айы). Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков айтты.