Жаңалықтар

ПУТИН ҚАЗАҚСТАНҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛЕДІ

Ресей президенті Владимир Путин 27 қарашада Қазақстанға келеді.

Путиннің сапары туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазақстандық тараппен кездесу барысында айтты.

"Президенттің Қазақстанға мемлекеттік сапарына үлкен дайындық жүргізіп жатырмыз. Жиынға бірнеше ондаған құжат әзірленіп жатыр", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапарын күтіп отырғанын және онымен бірқатар жобаларды талқылауға үмітті екенін мәлімдеген еді.