ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЭКОНМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС
Қаржы мониторинг органдарының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау болуына байланысты, азаматтардың әлеуметтік ахуалына қауіп төндіретін интернет желісінде құқық бұзушылық әрекеттерге қарсы күрес Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен тұрақты түрде атқарылуда.
Департамент құзыретіне кіретін кең таралған қылмыстық құқық бұзушылықтар: заңсыз ойын-сауық бизнесі, қаржылық пирамидалар, жалған криптовалюта, есірткі құралдардың заңсыз айналымы. Аталған қылмыстардың ұйымдастырушылары әлеуметтік желілер мен интернет ресуртарын пайдалуына байланысты, қаржы мониторинг органдарының талдау бөлімшелерімен сайттар мен чаттарды және құқыққа қарсы контентпен басқа интернет ресурстарды бұғаттау мақсатында кибер бақылауды іске асыруда.
Экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы, Сіз «AFM Insider» телеграмм ботына жаза аласыз.