Жаңалықтар

ТАРАЗ, ШУ ҚАЛАЛАРЫНДА 3 ЗАҢСЫЗ ҚҰМАР ОЙЫН БИЗНЕСІ АНЫҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 10 айында Тараз, Шу қалаларында 3 заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру деректері анықталды.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, 2 қылмыстық іс сотқа жолданды. Заңға қайшы контенті бар 744 сілтеме бұғатталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Жағыпар Исатаев айтты.