Жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 9 АЙДАҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2024 жылдың 11 Қарашсында сағат 11:00-де Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында баспасөз конференциясы өткізіледі.

Баспасөз конференциясы барысында Жамбыл облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Смағұлов Темір Мәмбетұлы экология департаментінің 2024 жылдың 9 айлық жұмыс қорытындысы туралы ақпаратпен бөліседі.

 

 

Жамбыл облысы бойынша экология департаменті 2024 жылдың 9 айының жұмысына тоқталсақ, онда мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі 29 тексеру жүргізді, соның ішінде 12 тексеру – жоспардан тыс,            14 – профилактикалық бақылау тексеру, 3 – талапқа сәйкес тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша заң бұзушылықтардың 75 фактісі анықталып, 28 нұсқама берілді.

Департаменттің бастамасы бойынша және заңды, жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен прокуратура материалдары бойынша 62 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде жалпы сомасы 132 млн теңгеден асатын 59 әкімшілік айыппұл салынды.

Құзыреті бойынша сот органдарына 3 әкімшілік хаттама қарауға жолданды, нәтижесінде соттармен 2 қаулы 4 млн 393 мың теңге сомасына шығарылды.

Барлығы 55 әкімшілік айыппұл салынды, жалпы сомасы 129 млн теңгеден асты.     

Жалпы сомасы 4 млн 535 мың теңгеге 47 айыппұл өз еркімен өндірілді.

Сот орыңдаушыларына 117 млн теңгеден астам сомасына 4 әкімшілік айыппұлдар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жолданды, соның ішінде 3 әкімшілік айыппұл мәжбүрлеп өндірілді.

Бүгінгі танда сот орындаушыларда 1 әкімшілік айыппұл 111 млн теңгеден астам сомасында қарауында.

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ғарыштық мониторингінің түсірілімі бойынша 2024 жылы Жамбыл облысында 319 нүкте стихиялық қоқыс тастаған орындар анықталды.

Сондай-ақ, анықталған стихиялық қоқыс орындарын жою бойынша жергілікті арқарушы органдармен жою графигі құрылып, стихиялық қоқыс жою мерзімі 2024 жылдың 21 қазанына дейін бекітілді.

Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы 244 стихиялық қоқыс орны тазартылды.

Осыған орай, стихиялық қоқыс орындар графикте көрсетілген мерзімде тазаланбаса, аудан әкімінің тұрмыстық қатты қалдықтарға жауапты орынбасарларына тиісті аудан аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға қатысты Қазақстан Республикасының Экология кодексінің талаптары және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 324 бабы бойынша заң бұзушылықтар бұзылғаны үшін айыппұл салынады.

Ағымдағы жылы стихиялық қоқыс орындарды жоймаған үшін Жуалы ауданының Көлбастау, Ақсай, Нұрлыкент, Көкбастау және Б. Момышұлы ауылдық округтерінің әкімдері, Қордай ауданының Масаншы ауылдық округі әкімі, Қордай ауданының Сортөбе ауылдық округі әкімі, Талас, Байзақ, Жамбыл және Қордай аудандары әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2024 жылдың 9 айында Жамбыл облысы бойынша экология департаментіне 125 өтініш келіп түсті, оның 49-ы – заңды тұлғалардан, 76-ы - жеке тұлғалардан.  

Барлық келіп түскен өтініштер толық көлемде және көрсетілген мерзімде қаралды.