Жаңалықтар

ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ 75 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

Жамбыл облысы бойынша экология департаменті Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында 2024 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмысына тоқталды.

Яғни мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі 29 тексеру жүргізді. 12-і – жоспардан тыс.   14-і – профилактикалық бақылау тексеру. 3-і – талапқа сәйкес тексеру. 

Тексеру нәтижелері бойынша заң бұзушылықтардың 75 фактісі анықталып, 28 нұсқама берілді. Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен прокуратура материалдары бойынша 62 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде жалпы сомасы 132 млн теңгеден асатын 59 әкімшілік айыппұл салынды. 
Бұл туралы департамент басшысының орынбасары Темір Смағұлов  айтты.