«JAMBYL-109» ҚЫЗМЕТІ 315 538 ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАДЫ
«JAMBYL-109» қызметі құрылған сәттен бастап 315 538 өтініш қабылдады.
Жыл басталғалы 55 441өтініш түсті. 49 634 өтініш өңделіп, толық жауап берілді. 5 145 өтініш мерзімінен кешіктіріліп жабылды. 329 өтініштің мерзімі ұзартылған. 221 өтініш өңделу барысында және 111 өтініш орындалмаған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы «Жамбыл облысының бірыңғай 109 қызметі» КММ басшысының м.а Алтынай Тәжібаева айтты.