БІРЫҢҒАЙ ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ
«Jambyl 109» қызметінің мәні мен мақсаты - «109» қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы, Жамбыл облысы тұрғындары мен қонақтарының тұрмыстық сипаттағы жергілікті коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша түрлі байланыс құралдары арқылы өтініштерін қабылдау, өңдеу, облыстық мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып өтініштердің орындалуын жүзеге асыру.
Өтініштердің басым көпшілігі Call-орталыққа хабарласу арқылы түскен. 501 120 қоңырау қабылданған. Қалған өтініштер WhatsApp месенджері- 3 427 өтініш, Instagram – 1 735 өтініш, Telegram чат боты - 81 өтініш, Facebook - 53 өтініш және «Aikey» мобильді қосымшасы - 25 өтініш түскен.
«Jambyl 109» қызметіне күніне 250-300 қоңыраулар қабылдауда.
Мекеме ережесіне сәйкес өтініштер адам өміріне қауіптілігі мен қажеттілігіне байланысты орындалу мерзімдері бар. Мысалы, ашық құдықтар мәселесін жабуға 1 күн ғана беріледі. Бұдан бөлек, шағымдар мен ұсыныстарға 7 мен 15 күнге дейін мерзім қарастырылған.
Сондай-ақ, өтініштердің «Jambyl 109» қызметінің жүйесіндегі күрделілік деңгейіне байланысты автоматты түрде орындау мерзімі қойылады.
Ағымдағы және 2025 жылы облысымыздағы мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындардан қаржыландырылатын Call-орталықтардың байланыс нөмірлерін 109 қызметіне біріктіру көзделген.
Сондай-ақ, әкімдіктер мен жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік желіден тегтеу (белгілеу) арқылы түсетін өтініштерді 109 бірыңғай қызметінің платформасы арқылы қабылдау, жауап ұсыну жоспарланған.