ДЕПАРТАМЕНТТІҢ 10 АЙДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің негізгі қызметі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін реттеуге, табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылауға бағытталған.
Сонымен қатар, табиғи монополиялар заңнамасы аясында Департаменттің негізгі мақсаттары ол тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Департаменттің тарифтік саясаты, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларына негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу.
Департамент Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 59 түрін көрсететін 39 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган болып табылады.
2024 жылдың басынан бері Департаментке 21 табиғи монополиялар субъектілерінен 47 тарифті бекітуге 47 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы 6 хабарлама келіп түсті.
Түскен өтінімдер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде 35 өтінім бойынша 25 тариф бекітілді, 7 өтінім және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің 3 хабарламасы бойынша қараудан бас тартылды, 8 өтінім субъектімен өз еркімен кері қайтарылып, 10 өтінім қаралуда.
Бекітілген инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуын талдау қорытындысы бойынша қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 2023 жылы 8 табиғи монополия субъектісінің негізсіз табыс сомасы 129 141,28 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 2 субъектінің инвестициялық бағдарламасына ЖАО бірлесіп өзгерістер енгізілді.