Жаңалықтар

5 ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жамбыл облысының жергілікті мемлекеттік тіркеліміне енгізілген 5 табиғи монополия субъектілеріне қатысты тексеру жүргізіліп, 4 заң бұзушылықтар анықталды.

Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 4 нұсқама енгізіліп, оның 3 –і толығымен орындалды, 1-і орындалу барысында.  
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу Комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Абдрайхан Алмат хабарлады.