Жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА 14,4 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

2024 жылы мәдениет саласын дамытуға 14,4 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда облыстың мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тарапынан ауқымды жобалар мен жұмыстар жүзеге асуда.

Облыстағы мәдениет және тілдерді дамыту саласында бүгінгі күні нақты 3 378 қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде, шығармашылық саласында 1 836 қызметкер болса, соның 1 578-і кәсіби сала мамандары.
Бұл туралы басқарма басшысы Жүнісбай  Ерлан Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты.