Жаңалықтар

ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДІ ҚАУІПСІЗ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Бүгін Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2024-2025 жылғы қысқы кезеңге дайындық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Осы шаралардың нәтижесінде облыста өрт саны 3,4%-ға азайып, қаза тапқандар саны 2,6 есе, жарақат алғандар саны 3 есе төмендеді. Жұмыс БАҚ, әлеуметтік желілер және дауыс зорайтқыш құрылғылар арқылы тұрақты түрде насихатталып, рейдтер мен сенбіліктер ұйымдастырылуда.

Қысқы кезеңде Күйік, Шақпақ, Қордай және Хантау асуларында жедел әрекет ету күштері дайындалды: 348 қызметкер мен 88 техника бірлігі. 19 480 адамды қабылдай алатын 88 жылыну пункті әзірленді, 241,8 тонна жанар-жағармай мен 14 000 тоннадан астам инертті материал қоры бар.

Қар көшкіні қаупі жоғары жол учаскелерінде 5 шақырым қар тоқтатқыш орнатылып, көршілес облыстармен төтенше жағдайларға қатысты өзара іс-қимыл келісілді.

Кешенді дайындықтың арқасында өңір қысқы кезеңге дайын, ал төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары жалғасатын болады.

Телефон: +7 777 745 53 88 (Сәуле Мұнатаева)
Электрондық пошта: ps_dchs_zham@emer.kz