ЖАМБЫЛДА ӨРТ 3,4%-ҒА АЗАЙДЫ
Биыл ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі бойынша 12 586 үйге барып, 27 689 адамға нұсқаулық берді. 293 жиын ұйымдастырды.
1 маусымнан бастап осал топтардың үйлеріне 1722 газ датчигі орнатылды, қараша айында аудандарда пештерді тазалау жұмыстары жүргізілді.
Осы шаралардың нәтижесінде облыста өрт саны 3,4%-ға азайып, қаза тапқандар саны 2,6 есе, жарақат алғандар саны 3 есе төмендеген.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жұматаев Алмас мәлімдеді.