Жаңалықтар

АИТВ/ЖИТС індетінің эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу шаралары

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС күрес күні атап өтіледі. Әлем АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін немесе зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету үшін бірігеді. Биылғы жылы мұндай тақырып «Дұрыс жолды таңдаңыз-адам құқықтарының жолы» болып отыр. Бұл тақырып -Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әлемдік ауқымда алға қойған міндеттердің өсіп келе жатқан тізімін толықтыруда.

Қазақстан Республикасы  бойынша 2024 жылдың 10 ай ішінде АИТВ-инфекциясын тіркеудің салыстырмалы мәліметтері бойынша   Республикада 3193 адам АИТВ инфекциясымен тіркелген, Жамбыл облысында АИТВ-инфекциясының 93 жағдайы тіркелді. Гендерлік тұрғыдан алғанда ауырғандардың 64 жағдай- ерлер, 29 жағдай әйелдерді құрайды.

Дүние жүзінде ақпараттық шаралар өткізілуде. АИТВ жұқтырған адамдар өміріндегі ең маңызды тақырыптарда сөйлеуге мүмкіндік алады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар топтары және ЖИТС қарсы әрекет етуге қатысатын басқа да қоғамдық ұйымдар өздері жұмыс істейтін қауымдастықтарды қолдауға және қаражат жинауға жұмылдыруда. Өткізілетін іс-шаралар жалпы назарды ЖИТС індетіне байланысты қазіргі жағдайға аударады. Бүгін Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес күні өзектілігін сақтап, АИТВ әлі аяқталмағанын еске салады. АИТВ адам өміріне әсері туралы хабардарлықты арттыру, стигма мен кемсітушілікті жою және АИТВ жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ЖИТС қарсы жүйеге қосымша қаржы ресурстарын тарту мәселесі әлі де маңызды болып қала береді.

Байланыс номері: 87262-45-65-32

Электронды пошта: aidstaraz@med.mail.kz