Жаңалықтар

21 қарашада таңертең бүкіл Қазақстан бойынша дабыл қағылады

Электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғылары сағат 11:00-де іске қосылады

21-22 қараша аралығында елімізде «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Министрліктің хабарлауынша, ол «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында өтеді. Республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан.

Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, ТЖМ аумақтық бөлімшелері тартылады.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайлар салдарын жоюға дайындығы бағаланады, - делінген министрлік хабарламасында.

Практикалық іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде өткізіледі. Соның аясында азаматтық қорғау құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізу жоспарланған. Сол себепті электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғылары 21 қарашада сағат 11:00-де іске қосылады.

Бұл іс-шара халықтың «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізіледі.