ЖАМБЫЛДА 6 АУЫЛДЫ ӘЙЕЛДЕР БАСҚАРАДЫ
Жамбыл облысы демографиялық өсімі жоғары аймақ. Облыс халқының 50,5% қыз-келіншектер. Өңірде 107 кәсіпкерлік субъектісі болса, соның 42%-де әйелдер жетекшілік етеді.
Жамбылда 150 ауыл әкімі болса, оның 6-ы әйелдер. Бұл 3,8% құрайды. Жергілікті атқарушы органдардағы әйел басшылар саны 12-15%.
75%-дан астам әйелдер білім беру, денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Партия мүшелерінің көпшілігі әйелдер - 66,6%. Түрлі деңгейдегі мәслихат құрамының 20,3% немесе 201 депутаттың 41-і әйел.
Бұл туралы
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанатының кеңесшісі Айман Әшімова хабарлады.