Жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЕТТІ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН 42 КӘСІПОРЫН БАР

Жамбыл облысында етті қайта өңдеумен айналысатын 42 кәсіпорындар бар. Оның ішінде қуаттылығы 300 бас ұсақ қара малды және тәулігіне 50 бас мүйізді ірі қара малды сойып өңдейтін 2 ет өңдеуші ірі кәсіпорындар қатарына жатады.

Бүгінгі күні өндірілген еттің 13,4 мың тоннасы ішкі тұтынымға пайдаланылып, 7,0 мың тоннасы қайта өңделді. Кәсіпорындардың жүктелімі 21%-ды құрады. 
Сонымен қатар, қуаттылығы 50 бастан 600 басқа дейінгі сауын сиырдан тұратын 46 сүт-тауарлы фермасы жұмыс атқаруда. Олардағы мал саны 5,1 мың басты құрайды.