ЖАМБЫЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА 30,8 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға - 30,8 млрд. теңге бөлінді.
Оның ішінде субсидия – 22,3 млрд. теңге, «СҚО» тәжірибесін тираждау – 8,5 млрд. теңге. Бүгінгі күні 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында 20,6 млрд. теңге субсидия берілді.
Бұл туралы Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында хабарлады.