Жаңалықтар

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЖАМБЫЛДА 4 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

2024 жылы 36 білім нысанының құрылысын жүргізуге қаржы қарастырылып, бүгінгі күні 11 білім нысаны пайдалануға берілді.

 

Жыл соңына дейін 4 білім беру нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. 


Өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің бүгінгі күні 3-еуі балалар игілігіне берілді. Балалардың кедергісіз білім алып, дамуына барлық жағдай жасалған мектептер желісінің біреуі Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылында ашылса, екіншісі Тараз қаласындағы Бәйтерек мөлтек ауданында, ал, үшіншісі  - күні кеше «Ұлы Дала» мөлтек ауданында пайдалануға берілді. 
Сондай-ақ, ағымдағы жылы 10 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.