54 МЛН ТЕҢГЕГЕ 9 СУ ҚОЙМА ЖӨНДЕЛДІ
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде 113 су қоймасы мен бөгеттер бар.
Былтыр яғни 2023 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 53,675 млн. теңгеге 9 су қойма жөнделді.
Ал, 2024 жылы тағы 9 су қойманы жөндеу жоспарланған, бүгінде барлық су қоймада жұмыстар 100% аяқталды. Бөлінген қаражат толығымен игерілді.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін мекемеге қарасты 10 су қоймаға көпфакторлы зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жұмыстар 90% орындалды.
Бұл жұмыстарға 53,055 млн. теңге қарастырылған.
Бұл туралы басқарма басшысы Баққараев Олжас Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты.