Меркі ауданының ІІ жартыжылдықтағы әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері
Меркі ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстардың барлығы Меркі ауданының 2027 жылға дейінгі даму жоспары аясында атқарылуда.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Меркі ауданы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен 12223,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі (НКИ)102,6%-ды құрады.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 36600,8 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,0%-ды құрады. 2024 жылы 1 473,7 млн. теңгеге 170 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, жаңару көрсеткіші 14,5 пайызды құрады.
Мал шаруашылығы бойынша 9370,5 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 101,1 % құрады.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 23626,2 млн. теңгені немесе НКИ 131,0 %-ды құрады.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 17603,2 млн. теңгені немесе НКИ 158,2 %-ды құрады.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында бөлшек сауда айналымының көлемі 16114,2 млн. теңгені, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,9%-ды құрады.
Меншікті кірістер бойынша жоспардағы 4038,3 млн. теңгенің орнына 4132,8 млн. теңге түсіп, 102,3%-ға орындалды, 94,5 млн. теңге жоспардан артық түсті.
Білім саласы бойынша №№4, 30 жалпы білім беретін мектептер толығымен күрделі жөндеуден өтті. Биыл Ойтал ауылдық округіндегі №48 мектепке қосымша 200 орындық, Андас батыр ауылдық округіндегі №21 мектепке 150 орындық қосымша ғимарат салынуда. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Спорт саласы бойынша Андас батыр ауылында спорттық сауықтыру кешені салынуда. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Тәтті және Ойтал ауылдық округтерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорттық сауықтыру кешендері ел игілігіне берілді.
Денсаулық саласы бойынша Орталық аурухана ғимаратының қабылдау бөлімшесіне қосымша құрылыс пен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аспара ауылында 40 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, Т.Рысқұлов ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункті салынуда. Аталған 3 нысанның құрылысы да жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.
Ауыз сумен қамтамсыз ету бойынша Ақтоған, Ақарал, Кеңес, Гранигор ауылдары мен Меркі шипажайы елді мекенінде ауыз су жүйесінің жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайыңдысай және Құмарық ауылдарының ауыз су жүйесі жөндеуден өтті.
Мәдениет саласы бойынша Кеңес, Тәтті, Ақтоған, Сұрат ауылдық мәдениет үйлерінің ағымды жөндеу жұмыстары аяқталды, Ақарал және Аққайнар ауылдық мәдениет үйлерін жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Меркі ауданы бойынша жалпы 74 көше орташа жөндеуден өтуде. Оның ішінде 36 көшенің жөндеу жұмыстары «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асуда.
Елді мекендерде абаттандыру және жарықтандыру бойынша 13 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, Ақтоған, Кеңес ауылдарында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Ойтал ауылдық округіндегі «Достық» саябағын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Қазақ дихан ауылында жаңа саябақ ауыл тұрғындарының игілігіне берілді. Меркі ауылында 4 көшеге, Талдыбұлақ ауылында 1 көшеге жарық жүргізілсе, Интернациональный ауылындағы Сейфуллин көшесін жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Меркі ауданында облыс бойынша аудандар арасында алғашқы болып «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды.