Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 70 ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ СОҒЫЛАДЫ

Жамбыл облысының аудандарында орналасқан 160 ветеринариялық пункттердің ішінде ескі ғимараттардың орнына 2025-2026 жылдары 70 типтік үлгідегі ветеринариялық пункт мал емдеу алаңдарымен бірге соғу жоспарланып отыр.

Бірінші кезекте пилоттық режимде мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында аталған типтік үлгідегі ветеринариялық пункт құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін іске қосылуы күтілуде. 
Осы бағытта ауылдық округтер аумағында орналасқан залалсыздандыруға арналған 41 биотермиялық «Беккер» шұңқырларына қажеттігіне қарай қосымша шұңқыр соғу келер жылдарға жоспарланып отыр.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында 
Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Көкей Олжас мәлімдеді.