Жаңалықтар

ЖАМБЫЛДА 25 885 ҚАҢҒЫБАС ИТ ПЕН 374 МЫСЫҚ АУЛАНДЫ

Түскен өтініштерге байланысты жыл басынан бері 25 885 қаңғыбас иттер мен 374 мысықтар ауланды.

Облыс аумағында иесіз қалған қаңғыбас жануарларды уақытша ұстауға арналған 11 панажай бар. Оның ішінде
3 панажай жалдамалы ғимараттарда орналасқан.
2024 жылға тиісті бағдарламалар бойынша қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстауға, сәйкестендіруге, егу және зарарсыздандыруға, иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын сәйкестендіруге 20,5 млн. теңге бөлінген.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында 
Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Көкей Олжас мәлімдеді.