Жаңалықтар

«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасының іске асырылуы

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының 367 ауылды елді мекенінің 46 (12,5%) елді мекені - 2G, 63 (17,2%) елді мекен - 3G, 258 (70,3%) елді мекен - жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетпен қамтамасыз етілген.

Талшықты оптикалық байланыс желісімен 371 елді мекеннің 199-ы (53,63%) қамтамасыз етілген, қалған 172 (46,36%) елді мекен қамтылмаған.

 

«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясындағы «2023-2027 жылдары Жамбыл облысының елді мекендерінің интернет желісіне және байланысына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі» Жол картасына (әрі қарай – Жол карта) сәйкес, 2025-2027 жылдары 198 елді мекенде мобильді интернет желісінің сапасын 4G–ге арттыру, 28 елді мекенде жергілікті атқарушы орган тарапынан электр желілері мен антенна-діңгек құрылысымен қамтамасыз етілген жағдайда мобильді байланыс сапасын жақсарту, 170 елді мекенді (455 мемлекеттік мекеме және 8175 кәсіпкерлік субъектілері) талшықты-оптикалық байланыс желісімен және республикалық, облыстық маңыздағы жолдарды цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 2024-2025 жылдары 12 антенна діңгек құрылысын соғу көзделген.

Жалпы, 2027 жылдың соңына дейін 4G-мен облыстың елді мекендері және талшықты-оптикалық байланыс желісімен 100% қамтылуы жоспарлануда.

Ұлттық жобаға сәйкес Жамбыл облысында 2024 жылы Шақпақата - Отар автокөлік жолында (449,8 км) 7 антенна-діңгек құрылысын соғу жоспарланған:

Қордай ауданы бойынша (3 АДҚ):

Жуалы ауданы бойынша (1 АДҚ):

Меркі ауданы бойынша (1 АДҚ):

Т.Рысқұлов ауданы бойынша (2 АДҚ).