Мемлекеттік сатып алу саласында атқарылған жұмыстар
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сатып алудың облыстың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде жыл басынан жалпы сомасы 121,4 млрд.теңгеге 852 лот өткізу жоспарланған, қазіргі таңда барлық жоспарланған конкурстар мемлекеттік сатып алу веб-порталында толықтай жарияланды (100,0 %) және 119,3 млрд.теңгеге 821 лот бойынша жеңімпаздар анықталған (96,3 %).
Анықталған жеңімпаздардың жалпы саны – 527 мердігерді құрайды, оның ішінде:
- Жамбыл облысында тіркелгендер 279 мердігерлермен 84,3 млрд.теңгеге келісім-шарттар жасалған (73,0 %);
- Басқа облыстарда тіркелген 248 мердігермен 31,2 млрд.теңгеге келісім-шарттар жасалған (27,0 %).
Өткізілген мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде барлығы 3,8 млрд.теңге қаржы үнемделді.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 102,9 млрд.теңгеге 184 нысан мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланған, оның ішінде:
Сумен қамтамасыз ету – 33 нысан 24,8 млрд.теңге;
Электрмен жабдықтау – 9 нысан 11,5 млрд.теңге;
Газбен жабдықтау – 19 нысан 4,0 млрд.теңге;
Құрылыс-монтаждау жұмыстары (спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, білім және тұрғын үй) – 78 нысан 41,8 млрд.теңге;
Күрделі жөндеу жұмыстары – 17 нысан 8,6 млрд.теңге;
Жолдарды және көпірлерді жөндеу жұмыстары – 16 нысан 5,8 млрд.теңге;
Басқа да жұмыстар – 12 нысан 6,4 млрд.теңге.
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің төртінші бағыт бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар 2023 жылы 322 хабарлама түсіп, 313-і орындалды. Ал 2024 жылы бұзушылықтардың алдын алу бағытында қабылданған шаралардың нәтижесінде көрсеткіш саны 59-ға төмендеді, оның 54-і орындалды.
Сонымен қатар, Басқарма тарапынан Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларна барлығы 27 қарсылықтар берілді. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 21 қарсылықты жартылай және толығымен қанағаттандырды.