Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мәдениет саласындағы бюджет қаржысын пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындысы

Мәдениет саласындағы бюджет қаржысын пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындысы
ашық
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және кұжаттама басқармасы» КММ-нің және оған бағынысты жекелеген мекеме мен кәсіпорындарының қызметіне және мәдениет объектілерін құрылысына бағытталған қаражаттың пайдаланылуына тиімділік аудиті жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен 17 аудит объектісі  қамтылып, аудиторлық іс-шара нәтижесіне сәйкес қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы - 949 586,5 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты - 196 927,8 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты - 814 933,2 мың теңге,  анықталған рәсімдік бұзушылықтардың жалпы саны - 120 бірлік және жүйелі кемшіліктер саны 3 бірлікті құрады.

Аудит барысында орын алған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілері тарапынан тексеру комиссиясының отырысына дейін 1 792,5 мың теңге өтелді, 2 974,4 мың теңге қалпына келтірілді.

Аудиторлық іс-шара нәтижесімен аудит объектілері тараптарынан бюджет қаражатын пайдалануды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде көзделген нормалар мен ережелердің сақталмауына жол берілгені анықталды.

Әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін 31 материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге рәсімделіп тиісті уәкілетті органдарға жолданды.

Ағымдағы жылдың 15 тамызында өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен қаулы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті Нұсқамалар мен Ұсынымдар жолданды.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар